Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы

Версия для печати

Қымбатты әйелдер!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді көктемнің ең шуақты және мейірлі мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын ықыласымен құттықтайды!

Құрметті нәзік жанды арулар! Қай заманда да сіздер әрқайсымыз үшін – бойында ана болу, мейірімділік, нәзіктік пен ақ ниеттілік сияқты ең жоғары адами қасиеттер жинақталған жан болып келдіңіздер және әрқашан да солай болып қала бермек.   

Әрбір әйел өзінің ұясына көрік беріп, отбасының жылуын сақтайды,  ұрпақты тәрбиелеп, адамдар арасындағы қатынастардың тәртібі мен үйлесімін реттейді. 

Бүгінде қызметтің бір де бір саласын сіздерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер халқымыздың таланты мен қабілеттерін танытып, ірі компаниялар мен өндіріс ошақтарын басқарасыздар, бүкіл әлемде өтіп жатқан шығармашылық конкурстарда мерейлеріңіз үстем болып, олимпиада және халықаралық сайыстарда жеңіске жетесіздер, ғылымда жаңалықтар ашып, өмірге ғажайып өнер туындыларын әкелесіздер. 

Әрбір ер адам үшін сіздер біздің жанымызды түсінетін, қай кезде болсын қолдайтын сүйікті анамыз, жарымыз, қызымыз, қарындасымыз әрі жақын досымыз болып қала бересіздер.  

 

Құрметті әйелдер!

 

Елімізде татулық пен келісім, мейірім мен сүйіспеншілік  орнығуы жолындағы шынайы сезімдеріңіз, ізгі ұмтылыстарыңыз бен баға жетпес еңбектеріңіз үшін біздің сіздерге деген ризашылығымыз мол. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай мерекелі күні барлық отандастардың атынан сіздерге өзінің шексіз құрметі мен алғысын білдіреді. 

Осы көктемгі күн сіздерге ұлан-асыр қуаныш, құшақ-құшақ гүл, дос-жолдастың ықыласы мен ыстық пейілін сыйласын!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 6 Наурыз, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.