Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз

Версия для печати

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен – қазақстандықтардың тағдыршешті таңдау жасаған күнімен құттықтаймыз.

Бұл мереке жалпыұлттық татулық пен қоғамымыздың бірлігін қамтамасыз еткен тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Елбасының аса зор еңбегіне деген халықтың құрметін білдіреді.

Мемлекеттік мерекеге айналған маңызды күн ұлттық рух пен сенімді нығайтады, отандастардың зияткерлік пен жасампаздық күш-қуатын озық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыруға жұмылдырады.

Тұңғыш Президенттің саяси ерік-жігері мен стратегиясының арқасында бүгін таңда Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этностық топтар мен конфессиялар өкілдерінің бейбіт өмірінің өнегесі болды.

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы – біздің Отан үшін және бүкіл халықтың игілігі үшін жасампаз еңбектен бастау алатын табысқа жету тарихымыз.

Құрметті отандастар!

Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр: экономиканы, саяси жүйені және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары табысты іске асырылуда.

Қазақстанды әлемге тұрақты және заманауи дамыған мемлекет ретінде танытқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді, халық шаруашылығының барлық салалары қарқынды дамып келеді.

Біз барша халықты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен бірлік тілейміз.

Денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 30 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.