Қазақстандағы корейлер маңызды іс-шара өткізді

Версия для печати

Оқушылар сарайының концерт залында корейлердің Қазақстанда тұрғандарына 80 жыл толуы құрметіне байланысты «Астана қаласы корейлерінің этномәдени бірлестігі» ҚБ өздерінің есептік концертін өткізді.

Бұл іс-шара жұртшылықты елорда этномәдени бірлестіктерінің қызметімен кеңінен таныстыруға және этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталды.

Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Елшілігінің және корей мәдениеті орталығының өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, этномәдени ұйымдардың басшылары мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара қатысушыларына Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешевтің Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасы атынан жазылған құттықтау хаты оқылды.

Құттықтауда корейлер этномәдени орталығының Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибелі әрі беделді этномәдени бірлестіктерінің бірі екендігі атап өтілген. Сонымен бірге, олар өздерінің көпқырлы лайықты табысымен елордаға ғана емес, басқа жерлерге де танылып үлгерді. Бір сөзбен айтқанда, бұл қоғамдық бірлестік көптеген жылдар бойы елордадағы этносаралық келісімді нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.

«Астана қаласы корейлерінің этномәдени бірлестігі» ҚБ шығармашылық ұжымы өздерінің бояуы қанық концерттік-ойын-сауық бағдарламасымен көрермендерді тәнті ете білді. Олардың ұлттық құндылықтарынан сыр шерте білген вокальдық және хореографиялық қойылымдарының орыны ерекше болғанын атап өткен ләзім. Мұнан өзге қонақтарды бей-жай қалдырмаған барабан шоуы мен халықтық хормен орындалатын «Чен Рю» әні талғампаз жұртшылықтың көңілінен шықты. Ұлттық бояумен айшықталған сахнада қазақ тілінде әндер орындалып, көрермендерге корейлердің дәстүрлі «үйлену тойы салтанаты» көрсетілді. Осы арқылы жұртшылық корей этносының көпқырлы шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды.

30-шы жылдары Қиыр Шығыстан Қазақстанға 200 000 аса корейлер жер аударылды. Бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан аса, ал елордада 5900 корейлер тұрады.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.