ҚХА «Қасиетті домбыра» акциясын ұйымдастырды

Версия для печати

Биыл алғаш рет аталып отырған «Ұлттық домбыра күні» мерекесі елімізде дүркірете тойланып жатыр.

Қазақстан халқы Асамблеясы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен бұл күні Астана қаласында «Қасиетті домбыра» акциясын ұйымдастырды.

Ассамблея төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында» болып, дәл осы айтулы күннің алғашқы дүниеге келген нәрестеге ҚХА логотипі бейнеленген қасиетті домбыраны сыйға тартты.

«Бүгін бізде алғаш аталып жатқан «Ұлттық домбыра күні» Астананың 20 жылдық мерейтойымен орайласып отыр. Бұл — барлық қазақстандықтарды біріктіретін мереке. Домбыра қазақ халқының ұлттық символы. Әр адамның өмірінде өте маңызды рөл атқарады», — деді Леонид Прокопенко.

Дүние есігін ашқан кішкентай Ханның анасы Алуа Бекботаға аманат етіп табысталған қасиетті домбыра болашақта Хан он саусағынан өнер тамған өнерпаз болсын деп ырымдалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан акция еліміздегі перзентханаларды қамтып отыр. Әрі «Қазақтану» жобасын танытуға да әсері мол.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события Ассамблеи: 
Жексенбі, 1 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.