ҚХА Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы

Версия для печати

2016 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де  Астана қаласы., ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) ҚХА Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы сотының өкілдері, Достық үйіндегі медиация кабинеттерінің меңгерушілері, ҚХА мен Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысады.

Отырыс модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов болады. Баяндама жасайтындар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Әбдірайым Б.Ж.; ҚР Жоғарғы сотының судьясы – Сүлейменова У.А.; ҚР Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі – Раисова Б.А.; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жанындағы «Әлеуметтік серіктестік орталығы» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Ерімбетов Н.К.; психолог, заңгер, кәсіби медиатор, медиация мен психология бойынша жаттықтырушы – Савицкая Т.И.

Іс-шара барысында ҚХА медиация кабинеттерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен, сонымен қатар азаматтық институттармен өзара ықпалдастығының негізгі тетіктері, ҚР сот жүйесіндегі медиацияның рөлі, сот органдарының ҚХА медиация кабинеттерімен өзара қарым-қатынасының мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланып, ҚХА медиация орталығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар дайындалады.

***

29-30 қыркүйек күндері отырыс қатысушыларына арналған семинар-тренингтер, дәрістер, «дөңгелек үстел», коучинг, медиация саласындағы шетелдік  сарапшыларымен онлайн-конференция, Достық үйлеріндегі медиация кабинеттерінің қызметі туралы таныстырылым ұйымдастрылады (Іс-шара бағдарламасы қоса беріледі).

Іс-шаралар ҚХА қызметінің жаңа бағытын, ҚХА мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы меморандумды іске асыру аясында өткізіледі

_______________

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.