ҚХА мүшелері Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

Версия для печати

2017 жылғы 29 сәуірде ҚХА мүшелері Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді.

Қайырымдылық акцияға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Александр Тараков, ҚХА мүшелері мен меценаттар, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшелері және т.б. қатысты.

Су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, санитарлық гигиенаның заттары, киім, қажет дәрі-дәрмектер және т.б. жіберіледі. Сонымен қатар ҚХА мүшелері атынан зардап шеккендердің жеке шотына ақша аударылады.

ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қол ұшын созып, көмектесуде Ассамблея қалыс қалмай келе жатқанын айтты.

«ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Наушақызының қатысуымен өткен Ассамблеяның кеңейтілген отырысында табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек қолын созу туралы шешім қабылданған еді. Біз зардап шеккен аймақтардағы халыққа қай кезде де олармен бірге екенімізді білдіргіміз келеді. Бұл Ассамблея дәстүріне айналған шара. Қораптардың сыртында әрқайсысының ішінде не бар екені арнайы жазылды. Азық-түлікті мектеп ұжымдарынан бастап, кәсіпкерлер, жеке азаматтарға дейін жинап, әкеліп берді», – деді ол өз сөзінде.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.