Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерімен кездесу

Версия для печати

12 шілдеде Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерімен кездесу өтті.

Кеңесті  Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Д.Деменбаев ашып, облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т. Қасымберкебаев  мегажобаның мақсаты мен атқарылған жұмыстар жайында айтты. Сондай-ақ, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Н. Баймадиева «Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы» екенін алға тартып, «Мәңгілік ел»  болуымызға өскелең ұрпақтың денсаулығы жақсы болуының маңызы зор екенін жеткізді. «Достық – Үйі Қоғамдық келісім орталығының» заңгер-медиаторы М. Қасымова медиация жайында халыққа түсіндірді.

Еңбекшіқазақ ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің, аудандық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі З. Раджабова, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж. Тойшыбеков, аудандық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі А. Камунаров сөз сөйледі. Іс-шара соңында  аудандық қоғамның келісім кеңестерінің белсенділері Ә.Жұмабек. З.Мамиров, Г.Аликеева, Ж.Тойшыбеков. Н.Сейтов. Ж.Керімқұлов, Т.Нығайтбасов және «Арзу» халықтық ән-би ансамблі алғыс хаттармен марапатталды. Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері Ассамблеяның алдағы жұмыстарына табыс тілеп, рахмет айтты.

Жиналған қауымға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.