Әлем чемпионы жүлделі орынмен елге оралды

Версия для печати

2018 жылдың 30 қаңтар күні Украина елінің Одесса облысында өткен киокушинкай-каратедан әлем чемпионаты, жоғары деңгейдегі жаттықтырушы, Атырау облысы ҚХА Жастар қанатының төрағасы Котов Андрейдің елге оралуына байланысты қарсы алу салтанаты өтті.

Жеңімпазды қарсы алуға Атырау облысы ҚХА жастар қанатының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, туған туыстары, спортшылар мен достары, жас-буын каратэшілер тобы және «Қазақстан-Атырау» Ұлттық арнасының түсірілім тобы қатысты.

Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Андрей Котов өз сөзінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевқа спортшыларымызға қолдау және көмек көрсетіп отырғаны үшін шынайы алғысын айтып, барша қарсы алушыларға өзінің ризашылығын білдірді.

Бүгінгі күні оның қоржынында 24 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль, 19 кубок. Ол алты дүркін Қазақстан чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионы, ТМД чемпионы, кубок Каспия чемпионы әртүрлі республикалық және халықаралық турнирлер болса, ал енді әлем чемпионы.

Намысты қолдан бермеген Атыраулық азаматты ҚР мәдениет және спорт министрінің қолынан алған Алғыс хатымен, «Әлем чемпионы» атағымен тағы бір мәрте құттықтаймыз. 

Жалпы бұл әлем чемпионатында киокушинкай- каратедан қазақстандық спортшылар 12 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 31 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.