«Медиация - бейбітшілік пен келісім жолы және мектеп медиациясының өзектілігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Версия для печати

2018 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында ҚХА медиация институтын одан әрі дамыту туралы Елбасының тапсырысы аясында «Медиация - бейбітшілік пен келісім жолы және мектеп медиациясының өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хамедов Абилфас Муслимович, Алматы қалалық сотының, Алматы қ. кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьялары, Алматы қ. мектеп және колледж директорларының активі, Алматы қ. аудандық қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, ІІД ювеналды полициясының, медиация орталықтарының өкілдері, Алматы қ. этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен активі, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің қызметкерлері және т. б. қатысты.

Отырысты аша келе, Хамедов А. дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын дамытудың маңыздылығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық және егемен қоғамды қалыптастырудағы рөлін айтты.

Дөңгелек үстел барысында сөйлегендер: Қожаханова Гүлнар Сейфуллақызы – Азаматтық істер бойынша аппеляциялық сот алқасының судьясы, татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші, «Соттағы медиативті келісімге келуде туындайтын мәселелер» тақырыбында Баймурзина Айнұр Айтпайқызы – Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м.а., Рамазан Қанайұлы Тілеухан - Каспий университетінің жанындағы медиация орталығының директоры, «Білім беру саласындағы медиация» тақырыбында Анар Қабдол – филология ғылымдарының докторы, кәсіби медиатор.

Сонымен қатар, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жақыпов Жанділдә Ажығалиұлы «Мектептегі дау-дамайлар және шешу жолдары» тақырыбында жанжалдарды алдын алу бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар жасалды: Жалпы орта білім беру және орта кәсіптік оқу мекемелерінің жұмыс жоспарларына бірлесіп медиацияны дамытуға бағытталған іс-шараларды енгізу; Алматы қаласы ІІД ювеналды полициясы мен ҚХА хатшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеп, кейін қол қою рәсімін өткізу.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 16 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.