«Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты» дөңгелек үстел

Версия для печати

Бүгінгі таңда латын жазуы әлемнің ақпараттық, ғылыми және технологиялық салаларының алдыңғы қатарлы әліпбиі болып табылады. Қазақ тілі жазуын реформалау Қазақстанда тұрақты қоғам құруға ықпал етіп, елдің әлемдік кеңістіктегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік беретінін түсіндіру мақсатында, ағымдағы жылдың 1 қараша күні, сағат 15.00 де Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Достық үйінде» «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлының жүргізуімен, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Парасат» тіл жанашырлар клубының мүшелері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, Аналар кеңесі, және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сөз сөйлегендер: Атсалим Саламович - «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, Светлана Зунуновна - «Ұлағат» ақсақалдар Кеңесінің төрайымы, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Дамир Дигай - «Парасат» клубының төрағасы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ заң факультеті деканының орынбасары, Зинагүл Халыққызы - облыстық тілдерді дамыту басқармасы, оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, Оралбек Жақиянов - Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, Тәңірберген Қасымберкебаев - «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.