«Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өткізілді

Версия для печати

2017 жылғы 19 тамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңбері барысы бойынша «Мейірімділік шуағы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Осы акция аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ зейнеткерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ал қайырымдылық акциясының демеушілері-Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Х. Шарипов пен «Ахметова» ЖК.

«Мейірімділік шуағы» атауымен өткізілген қайырымдылық акциясына 128 адам қатысып, оның барысы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар бір күндік экскурсияда павильондарды аралап, ғажайып көріністердің куәгері болды.   Сонымен бірге, іс-шара барысында демеушілер қайырымдылық акциясына арнайы шақырылған меймандарға Латын-Америка павильонына орын тепкен дәмханада түскі ас ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан қатысушыларға «ЭКСПО-2017» тақырыбына қатысты бейнелеген әрі керекті жабдықтармен қамтылған кәдесый пакеттері берілді. Жалпы, «Мейірімділік шуағы» акциясы жарқын мерекенің көрінісі ретінде өткізіліп, қайырымдылықтың ерен үлгісін паш етті.

Қайырымдылық акциясы жөнінде өз ойын білдірген «Радима» беларусь қоғамының мүшесі В.Ф. Кириченко былай дейді: «Осындай маңызды шара тек балаларға ғана емес, зейнеткерлерге де зор қуаныш сыйлады. Сондықтан біз баршамызға ерекше әсер қалдырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз».

Мұндай акцияларды қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ұдайы өткізіп келеді. Осы жолы ЭКСПО-ға жасалған экскурсияны ұйымдастыруға «Возрождение» неміс қоғамы, «Поляк» және «Оберег» украин қоғамдық бірлестіктері атсалысты.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 22 Тамыз, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.