М.М.Гольдбергтің 90 жасқа толу мерейтойы

Версия для печати

Кеше Астана қаласының әкімдігінде мерейтой иесі – «Алеф» еврей мәдени-ағарту, қоғамдық-саяси қоғамы» ҚБ төрағасы – Гольдберг Моисей Михайловичтің құрметіне салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Моисей Михайловичті 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтауға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері келді. Салтанатты жиында сөз алған Тоғжанов Е.Л. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау хатын оқып, мерейтой иесіне табыс етті.

Гольдберг Моисей Михайлович 1926 жылы 13 сәуірде Украинаның Мелитополь қаласында дүниеге келген. Қазақстанда 1942 жылдан бастап тұрады. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Одессадағы ұшқыштар даярлайтын мектептің курсанты болып қызмет етті. Екінші Украина шебінде соғысты.

Ұлы Отан соғысының ардагері. 1945 жылы мамырдан бастап Павлодар облысының «Большивистский путь» газетінде журналистік жолын бастады.

1953 жылы Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін тәмамдады. 1953 жылы ТАСС-тың Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі болады. Одан кейін Целиноград облыстық радиосында 15 жыл бас редактор болып қызмет етеді. Целиноград обком партиясына мүшелікке кандидат болып сайланады. 1979 жылдан бастап – «Призыв» газетінің меншікті тілшісі, одан кейін «Европа-Астана» газетінің саяси шолушысы болады.

2001 жылдан бастап қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өміріне белсенді қатысатын «Алеф» еврей мәдени-ағарту, қоғамдық-саяси қоғамын басқарып келеді.

Ол Астана қаласы Ардагерлер одағы ұйымдастыратын іс-шаралардың белсенді қатысушысы.

Есіл өңірінің адамдары, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері туралы көптеген очерктердің авторы. Қазіргі таңда «Казахстанская правда» газетінің редакциясымен қызмет істеп келеді.

М.Гольдберг 25 медальмен марапатталған, олардың арасында: «Германияны жеңгені үшін», 1945 ж., «Тың жерлерді игергені үшін», 1975 ж., «Украинаны азат еткені үшін, 2013 ж. Медальдары, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы бар (1975 ж.). 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен, 2014 жылы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен, 2015 жылы – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен, 2016 жылы – Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Жарлығымен А.С. Пушкин медалімен марапатталған.

Мойсей Михайлович 90 жасқа келсе де қоғамдық өмірде белсенді азамат, ол орталықтың іс-шараларын ұйымдастырып, мерзімді басылымға материалдар жазып, түрлі мәдени және ресми іс-шараларға қатысып тұрады.

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы Мойсей Михайловичті 90 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Мерейтой иесіне мықты денсаулық, амандық, қоғамдық және шығармашылық еңбектеріне табыс тілейді! 

 

 

 

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.