Н. Назарбаев: Ынтымақ жолынан таймауымыз керек

Версия для печати

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.

Президент алдымен сессияның ашылуымен барша делегаттарды және қонақтарды құттықтап, «Ассамблея – еліміздің татулығы мен тұрақтылығының ең басты кепілі» болып отырғанын, құрылған күннен бастап татулықтың ұйытқысы болғанын жеткізді.

«Бүгінгі сессиямыз «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталады. Мен наурыз айында әлеуметтік жаңғыру жолындағы Президенттің бес бастамасын ұсынғанымды білесіздер. Бес әлеуметтік бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге ұлтты ұйыстырудың тағы бір түрі – әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған», - деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев «бес бастама» бағдарламасын табысты жүзеге асыру азаматтардың өз болашағына, мемлекетке, қоғамына, қала берді бір-біріне деген сенімін арттыратынын айтты.

«Бізде халықтың күнделікті өміріне түбегейлі өзгеріс әкелетін мұндай әлеуметтік бағдарлама бұрын болған емес. Осының барлығы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан, елдігіміздің бойтұмары – ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасы. Әйтпесе, өздеріңіз қазір біліп-көріп отырсыздар, дүниежүзінде көгінде туы, төрінде билігі болса да, бірлігі қашып, бүгіні де, болашағы да бұлдыр болған қаншама мемлекет бар. Біз осыны берік ұстанып, мызғымас ынтымақ-бірлігімізді, таусылмас ырыс-берекемізді бастау етіп, сеніммен қадам басып келеміз. Осы жолдан таймауымыз керек. Осы жолмен жүретін болсақ, барлық қиындықты еңсереміз, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет істейміз», - деді Елбасы.

 

Дата события Ассамблеи: 
Сенбі, 28 Cәуір, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.