Петропавлда «Тілдарын» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Версия для печати

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді  дамыту  жөніндегі басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің ХХ облыстық  фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту  және дамыту  мақсатында «Тілдарын» республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.

Оған өңірдің бірқатар аудандары мен Петропавл қаласынан жиналған 11 үміткер атсалысты. Байқау талабы  бойынша сынаққа қатысуға тілек білдіргендердің жастары 18 бен 22 аралығында болуы шарт.  Сондықтан  мұнда студенттер,   жоғары  оқу  орындарының түлектері  басым болды.  Олардың бәрі аудандық іріктеу жарысынан өтіп келгендер. 

Байқау үш  кезеңнен тұрды. Алғашқысында сыналушылар берілген тақырыпты  бірден,  яғни еш дайындықсыз қазақ тілінде 5 минут  аясында ашып беруі тиіс болатын. Бұл тақырыптарды тілдерді дамыту  басқармасының мамандары өздері құрастырыпты. Олар қазақстандық патриотизм, латын әліпбиіне көшу, Қазақстан спортшыларының жарқын жеңімпаздары,  Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын қамтыған. Сондай- ақ туған өлке Петропавлдың тарихы мен бүгіні туралы да сауалдар жеткілікті берілді.

Сайыскердердің деңгейінің әр түрлі екені бірден көрініп тұрды. Бұл ретте қазылар алқасы  олардың  аудитория алдында өзін өзі  ұстауына, тақырыпты қаншалықты білетіндігіне және сөйлеу мәдениетінің деңгейіне назар аударды.   

Қазылар алқасынының құрамында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мамандары болғандығын да айтып өту керек. Олар бес минут арасында үміткерлердің әлеуетін бағалады. Кейбір сайыскерлер өз тақырыптарын аша алмай, болмаса көпшілік алдында сөйлей алмай қиналса, екіншілері керісінше, өздерін көпшілік  алдында  еркін ұстап қана қоймай,  білімдерінің де нақты және жан жақты екендігін дәлелдеді. Үміткерлердің   арасында облыстық және республикалық  дебат ойындарының да қатысуышылары да облды. Олардың аудитория  алдында  сөз сөйлеуі талайды көрген қазылар алқасын да тамсандырды.   

Байқаудың екінші турында сайыскерлердің  ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жарты сағат ішінде берілген тақырыпқа эссе жазулары тиіс болатын. Бұл жұмыстарды ағылшын тілінің мамандары жан жақты тексерді, үміткерлердің сөз байлығы мен сөздік қоры ғана емес, ағылшынша сауаттылығына да баса назар аударылды. 

Байқаудың үшіші турында  қазақ тілінде берілген мәтінге орысша ілеспе аударма жасау керек болатын. Сайыскерлердің бәрінің орыс тілін меңгеру  деңгейінің жоғары екендігі көрініп тұрды. 

Үш турды қорытындылаған қазылар алқасы бірауыздан «Тілдарын» олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы деп петропавлдық Алуа Сыдықбекованы таныды. 20 жасар студент қыз бұған дейін осы олимпиаданың қалалық турының жеңімпазы болған екен. Енді ол  аталмыш шараның республикалық кезеңіне жолдама алып қана қоймай,  бағалы сыйлықпен және арнайы дипломмен марапатталды.    

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

 

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 18 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.