АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚХА ТӨРАҒАСЫ АМАНДЫҚ БАТАЛОВ «ЖЕТІСУ» ҚҰРАМАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСТЫ

Версия для печати

Талдықорған қаласында волейболдан ардагерлер арасында "Жетісу Кубогы" халықаралық турнирі өтті. Өткен жылы жарысқа 6 команда қатысса, биыл  команда саны 10-ға жетті. Волейболшылар Қазақстан, Ресей, Татарстан, Польша, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тыва, Бурятия елдерінен  және Орынбор қаласынан келді.

"Жетісу" командасының құрамында Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, аймақ басшысы Амандық Баталов ойнады.

Бірінші болып волейбол алаңына "Жетісу" командасы мен Тыва командасы шықты. Екі партияның қорытындысы бойынша "Жетісу" командасы өз пайдасына 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Польша, 2-ші орынды Ресей, 3-ші орынды Татарстан командасы иеленді. "Жетісу" командасы жарысты 4-ші орынды місе тұтты.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, арнайы кубоктар мен медальдар табыс етілді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.