Алматыда ҚХА мүшелеріне наградалар табысталды

Версия для печати

Алматы қаласындағы Достық үйінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Алғашқы құттықтау сөзімен Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Назар Балғымбаев дөңгелек үстел жұмысын бастады.

Қатысушылар ел Тәуелсіздігіне байланысты келелі пікірлерін ортаға салып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Одан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін наградалар мен алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы және оның Астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен Өмірзақ Айтбаев, Леонид Питаленко, Джульетта Багаева, Шамшидин Паттеев, Олег Червинский марапатталады.

Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Ильяс Шинды, Рустам Кайрыев, Светлана Кан, Анастасия Майсюк, Аллаккулы Джафаров, Александр Гудков, Жомарт  Симтиков                              марапатталады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында қайырымдылық және меценаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Фаиг Байрамов марапатталды.

Басқа да қатысушылар Ұлттық бірлік және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.