Алматының Достық үйіндегі жаңажылдық шыршаға 600 бүлдіршін жиналды

Версия для печати

Алматы қаласында этномәдени бірлестіктердің 600 баласына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңажылдық шыршасы өтті.

Жаңажылдық мерекелік шыршада анимациялық бағдарлама ұйымдастырылып, Аяз ата мен Ақшақар өнер көрсеткен бүлдіршіндерге дайындаған сыйлықтарын үлестірді.

Мерекеге қатысушыларды Алматы қаласы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметінің басшысы Ж. Шаймуханбетова, беларусь мәдени орталығының төрағасы Л. Питаленко, қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы В. Лукашев, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы В. Шихотов Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.