Атбасарда Аналар кеңесі мен «Шаңырақ» отбасылық клубының ашылу салтанаты өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру Ақмола облысында одан ары жалғасуда.

ҚХА-ның бастамасымен ұсынылған қазақстандық этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын Ақмола облысы аумағында жүзеге асыру ісі жалғасуда.

Соның аясында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова Атбасар аудандық Аналар кеңесі мен Атбасар қаласындағы №8 орта мектепте «Шаңырақ» отбасылық қарым-қатынас клубының ашылу салтанатына қатысты.

Атбасар, Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандарының өкілдерімен өткен кездесу барысында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов «Рухани жаңғыру», «Қазақтану» жобаларының рөлі, мақсаты мен міндеті туралы кең көлемді баяндама жасады.

 «Қазақтану» жобасы аясында асық ойыны бойынша шеберлік сабағы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.