Атырау қаласының Достық үйінде қайырымдылық жаңажылдық мереке өтті

Версия для печати

Атырау қаласының Достық үйінде «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Твори добро» атты қайырымдылық жаңажылдық мерекелік шара өтті.

Онда Атырау қаласының «Тропикана»,  «Фламинго» би студиясы,  «Хуторянка», «Фантазия» вокалдық студиясы және «Мрия» дуэті мен «Довира» украин этномәдени бірлестігінің мүшелері өнер көрсетті.

Сондай-ақ,  балақайларға жаңа жылдық шоу ұйымдастырылып, қатысушыларға  Аяз ата мен Ақша қардың мерекелік қойылымы ерекше әсер қалдырды.

Шара соңында «Довира» украин этномәдени бірлестігінің атынан өнер көрсеткен өнерпаздар мен аз қамтылған 20 отбасы балаларына демеушілер атынан сыйлықтар таратылды. Ал «Довира» украин этномәдени бірлестігінің  төраға орынбасары Роман Оливко мен кеңес мүшесі Олег Козедуб Алғыс хаттармен марапатталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.