Батыс өңірінің сыйлы азаматы Рахметолла Сүйербаев – 80 жаста

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Батыс өңірінің сыйлы азаматы Рахметолла Сүйербаевтың 80 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Еліне адал қызмет етіп, туған жерінің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан азаматтардың бірі -  еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахметолла Сүйербаевтың 80 жасқа толған мерейтойына орай Достық үйінде үлкен шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Мерейтой иесін замандастары мен жастар өкілдері құттықтап келді.

«Сексен – сейіл құратын жас емес, бірақ көштен қалатын да емес». Осы сөзді бүгін сексеннің сеңгіріне шыққан Рахметолла ағамызға қаратып айтса жарасады. Өйткені, ол өмірлік те, қоғамдық та белсенділіктен қалған емес. Керек жерде бой көрсетіп, өмір ағымына үн қосып жүрген абзал жан. Қазір сіздің шәкірттеріңіз еліміздің әр жерінде абыройлы қызмет атқарып жүр» – деп Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов ағынан жарылды.

1938 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келген Рахметолла Сүйербаев жанұялық дәстүрге сай педагог жолын таңдады. Мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, директорлық лауазымға дейін көтерілді. Білім саласында жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білген ол мемлекеттік қызметте де танылды. Қазталов ауданына басшылық жасаған ол, кейін облыс орталығында қалалық комитеттің екінші хатшысы қызметін атқарды. Өмірден түйгені мол Рахметолла Сүйербаев елуден астам ғылыми еңбек жазып, қоғам қайраткері дәрежесінде танылды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.