Ел бірлігі – қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың негізі

Версия для печати

Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Ел бірлігі – қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың негізі» атты облыстық Ассамблеяның ХХІI сессиясы өтті.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында және Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды.

Сессия жұмысын облыстық Ассамблеяның төрағасы  аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ашып, қазақстандықтардың материалдық жағдайы, өмір сүру деңгейін жақсарту және болашақ ұрпақ үшін барлық жағдай жасалу қажеттілігіне тоқталды.

Ақтөбе облысы Хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов өз баяндамасында этномәдени бірлестіктер мен кеңестердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндаса, «100 жаңа есім» жобасының І кезең жеңімпазы Шахан Жолдасбаев пен «Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі жастар клубының төрағасы Анжелика Шталь атқарылып жатқан қызметтері мен жетістіктері туралы айтып, ойларын ортаға салды.

Жиында биыл үлкен белсенділік танытқан азаматтарға сый-құрмет жасалды. Атап айтсақ: ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Эльвира Хабибуллина Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен, кәсіпкер Шамиль Каспранов «Жомартжан» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбек Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына ие болды.

Іс-шара соңы «Қазақтану – бірлікке қадам» қазақ халқының қолданбалы қолөнерінің көрмесі мен «Қазағымның қазынасы – домбыра» шағын концертіне ұласты.

Түрлі этномәдени бірлестіктері ұсынған көрмеге тері, күміс және ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері қойылды.

Әр этностан құралған 20 домбырашының өнері көрерменді тәнтті етті.   

Сессия жұмысына ардагерлер, облыс және аудан басшылары, этномәдени бірлестіктер мен облыстың зиялы қауымы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.