Көкшетауда поляктар бірлестігі бүлдіршіндерге арнап қайырымдылық шарасын өткізді

Версия для печати

Көкшетау қаласының поляктар этномәдени бірлестігі «Жақсылық жолымен» акциясы аясында Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Cristmas Party» қайырымдылық акциясы мен мерекелік «Рождестволық хикая» іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.

Поляк бірлестігі жастар қанатының мүшелері төртінші жыл қатарынан Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап театрландырылған көріністер қойып, жұмсақ ойыншықтар, тәтті сыйлықтар үлестіруде.

Бұл жолы да тәрбиешілерімен бірге қонақжай Достық үйіне келген 18 бүлдіршін концерттік бағдарламаны тамашалып, Аяз атаның жаңажылдық сыйлықтарын алды.

Сонымен қатар, 2018 жылы атқарған қарқынды жұмыстары үшін поляк орталығының белсенділері және «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің оқытушылары мен оқушылары алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, поляк ҚБ төрағасының орынбасары Людмила Суховецкаяның жетекшілігімен бірлестік өкілдері сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.