Петропавлда көптеген мекемелердің «Тосқауылсыз ортаға» сәйкес келмейтіндігі анықталды

Версия для печати

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы әлеуметтік жоба аясында «Кедергілер жоқ» акциясын ұйымдастырды. Оның көздеген басты мақсаты – қоғамда «тосқауылсыз орта» идеяларын насихаттап, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін  шешуде мүдделі органдардың күш-жігерін шоғырландырып, бизнес құрылымдарының өкілдерін және халықтың кең ауқымын мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «қолжетімді орта» құру мәселелерін шешуге белсенді қатысуға ынталандыру болып табылады.

Қаланың белсенді тұрғыны Оксана Борисова да акцияға белсенді қатысты. Ол СҚО ҚХА өкілдерімен бірге Петропавл қаласының әлеуметтік-мәдени нысандары мен сауда-ойын-сауық мекемелеріне шолу жасады.

Акция барысында қаланың барлық мекемелері «тосқауылсыз ортаға» сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Алайда, оған қарамастан, барлық талаптарға сай келетін және мүмкіндігі шектеулі адамдардың еркін жүріп-тұруына толық мүмкіндік беретін орындар да табылды. Бұл – қалалықтарға таныс сауда-ойын-сауық орталықтардың бірі, онда еркін қозғалуға қажетті жағдайлар жасалған, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін арнайы жабдықталған лифтілер орнатылған.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.