Шымкенттіктер «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына белсене қатысуда

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан «Мен қазақша сөйлеймін» жалпыреспубликалық акция Шымкент қаласында жалғасты.

29 қазанда басталған аталмыш шара қараша айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.  

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді, түрлі этнос жастары арасында қазақша сөйлеу мәдениетін арттыруды және қазақстандық бірегейлікті нығайтуды көздейтін акцияға Шымкент қалаласындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанатының мүшелері белсене қатысуда. Халық көп жиналатын қоғамдық орындарда акцияның символикасы бар үнпарақтар, ақпараттық флаерлер таратылуда.

Белсенді жастар Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» субұрқағы жанында   «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбында қазақша мақал-мәтел айтудан сайыс өткізді. Оған қатысқан 30-ға жуық жастар Отан, тіл, достық, бірілік тақырыптарында мақал-мәтел және би-шешендердің даналық сөздерін айтып жарысты.

Нәтижесінде қалалық түрік этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының мүшесі Феруза Карипова мен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенті Виктор Евко қатарластарынан оқ бойы озып шығып, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Қазақ тілін мектепте достарымнан үйрендім. Ықылас қойып кіріссеңіз, тілді меңгерудің еш қиындығы жоқ. Ал, мемлекеттік тілді білу – барша қазақстандықтардың міндеті, әрі өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Сондықтан, қазақ тілінде өтетін байқауларға жиі қатысамын. Сол арқылы қазақ тілінде сөйлеу мәдениетімді дамытудамын. Қазіргі таңда қазақтың отыздан астам мақал-мәтелдерін жатқа білемін. Алдағы уақытта қазақ би-шешендерінің даналық сөздерін жаттауды мақсат етіп қойдым, - деп ойын ортаға салды В. Евко.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.