Таразда «Меценат-2018» қайырымдылық форум-фестивалі өтті

Версия для печати

Тараз қаласында «Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында «Меценат-2018» облыстық форумы өтті.

2018 жылдың меценаттарын  Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы құттықтап естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен бірге, 2017 жылы 1 млн. теңге көмек алған Дмитрий Потапов,  Айбек Айдарбек, Хафизат Санахунның  ата-аналары қол ұшын берген меценаттарға алғыстарын білдірді.

Есімдері  «Мықты адамдар» атағына лайық Ғалымжан Арыстанбаевты – жетімдер үйінен 8 бала асырап алған Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция аға қызметкері; «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы Сафонова Ларисаны «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева құттықтап, алғыс хаттар және сыйлықтармен марапаттады:  «Осы жыл ішінде ұжымда 100-ге жуық мәдени іс-шара өтіпті. 

Соның ішінде ең жанымызға жакыны – қайырымдылық керуені акциясы аясында өтетін «Меценат-2018» форумы. Жүрегінде мейірімі бар жомарт азаматтар барында көңілі жарымжан жандарға қуаныш, шаттық  сыйлайтын осынау атаулы мереке алдағы уақыттарда да жалғасын табады деп сенемін», – деді Р. Убайдуллаева.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.