Теміртауда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар Лигасы құрылды

Версия для печати

Елбасы еңбек жолын бастаған Теміртау қаласында жергілікті мәслихаттың қолдауымен Жастар ресурстық орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар Лигасы құрылды.

Жастар азаматтық бастамалар Форумын өткізу аясында, мәслихат хатшысы, Теміртау қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Алексей Ломакиннің төрағалығымен, оның бірінші отырысы өтті. Аталмыш жастар лигасына 10-ан астам этнос өкілдерінен тұратын жас белсенділер кірді. Ұйым төрағасының міндетін атқарушы болып Теміртау жоғары политехникалық колледжінің түлегі, «Жас Отан» ЖҚ белсендісі Меней Ерқанат сайланды.

Жастар өз алдына ұйымның жұмысын жандандыруды, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыруда Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының көмекшісі болуды мақсат етіп отыр. Ал, жұмыстың ерекше бағыты – этносаралық келісімді нығайтуға және өскелең ұрпақ өкілдерінің бойында толеранттылық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жан-жақты қатысу.

«Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жұмыс бағыттарымен айналыса бастады. Бұл – медиация және қайырымдылық. Біздің осы бағыттар бойынша көптеген жобаларымыз бар, оның үстіне биыл Жастар жылы және барлық жоспарларымызды бірге жүзеге асырамыз. Жастары белсенді елдің ертеңі де жарқын болады», - дейді М. Ерқанат.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.