Түркістан облысында ҚХА жанындағы құрылымдардың жаңа құрамы бекітілді

Версия для печати

Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес отырысында облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жаңа құрамы бекітіліп, қолға алынатын ауқымды бастамаларды іске асыру мәселелері  талқыланды.

Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Заңғарбек Үсіпахметов ассамблеяның қызметі және алдағы негізгі міндеттері туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Түркістан облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілерін тағайындау болатын.Осы орайда:

- Облыстық ассамблея төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлығына облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Батдридин Нишанкулов пен иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур ;

- Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалығына мемлекет және қоғам қайраткері Серік Пралиев;

-Аналар кеңесінің төрайымына Дүйсенкүл Жамболова;

-Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшілігіне облыс әкімінің кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Саттар Мәжитов;

-Журналистер мен блогерлер клубының жетекшілігіне «Жанубий Қозоғистон» газетінің директоры – бас редакторы Алишер Сатыбалдиев;

- «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының жетекшілігіне Еркебұлан Нарбаев;

- Медиация кеңесінің жетекшілігіне «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы Нұржан Мейрманов тағайындалды.

Кеңес отырысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев  Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында берген тапсырмалары Түркістан облысында сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын орындау бойынша этнос өкілдерін қатыстыра отырып, кешенді іс-шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.