ӘЙТЕКЕ БИ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАҢҚТЫ ҰЛЫ

Версия для печати

Ақтөбеде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау аясында Ақтөбеде тарихи-танымдық, әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

«Әйтеке би – Ұлы даланың даңқты ұлы» іс-шарасының мақсаты – қазақтардың қоғамдық өміріндегі тарихи тұлғаның маңызды рөлін, оның ұлттық сананы ғасырлар бойы қалыптастырған ақыл-ойының айқындығы мен көрегенділігін таныту.

Іс-шараға «Қоғамдык келісім» КММ мамандары, «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, АООО-ның оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Әдеби-музыкалық кештің барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі міндеттері талқыланды.

Модератор ретінде «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Құрманбек Ұлы даланың даңқты ұлының өмірі туралы әңгімелеп, Әйтеке би ескерткішінің авторымен таныстырды.

Іс-шара соңында қонақтар мен қатысушылар алдында облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.