ЖЕЗҚАЗҒАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТУДЕ

Версия для печати

Жезқазғанда «Махаббатқа бөленген отбасы» атты отбасылық құндылықтардың жалпықалалық эстафетасы бастау алды.

Ұйымдастырушылар – Жезқазған қалалық Аналар кеңесі мен Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі.

Эстафета Қоғамдық келісім кеңесінің мәжіліс залында «Отбасы – тірегің» баспасөз мәслихатымен басталды. Оған Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, Жезқазған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Гүлмира Қаженова, ЖҚХА мен Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі мүшелері, шақырылған қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихатында «Отбасы және қазіргі әлем», «Балаларға ерте жастан оқыту: дұрыс не бұрыс», «Бар құндылықтың тәжі – отбасы», «Балалы қариялар қарттар үйінде» тәрізді әлеуметтік өткір тақырыптар талқыланды.       

Эстафета аясында аға буын өкілдері үшін «Жылдар сағымы» ретро кеш ұйымдастырылды. Бұл кеште олар жастық шаққа оралып, өткенді еске алысты.

Ал ең кішкентай қатысушылар үшін театр қуыршақ труппасы «Бақытты қайдан іздейді?» (театр бала көзімен) сахна артындағы театр өміріне саяхат ұйымдастырды. Балалар қуыршақ спектакльдерінің қалай қойылатындығымен және актерлердің жұмысымен танысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар өз алдына балалар мен ата-аналарды жақындастыруды, сонымен қатар мәдениет пен өнердің көмегімен олар жастарды компьютерлер мен смартфондардан, сондай-ақ зиянды әдеттерден алыстатуды мақсат етті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.