РЕСПУБЛИКАНСКИЙ СЕМИНАР ДЛЯ СОТРУДНИКОВ РЕГИОНАЛЬНЫХ ПРЕСС-СЛУЖБ КГУ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ»

Версия для печати

2016 жылғы 21 – 22 қыркүйекте Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде  өңірлік «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі баспасөз қызметтерінің қызметкерлеріне арналған республикалық семинар өткізіледі. 

Семинар өңірлік баспасөз қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде жазып-көрсету мәселелері бойынша кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын арттыруға және ҚХА интернет-порталын контенттік толтыру және сүйемелдеу ерекшеліктерін түсіндіруге бағытталған.   

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Қоғамдық келісім» РММ және өңірлік КММ қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. 

Семинардың бірінші күнінде қатысушылар ҚР Президенті жанындағы  «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникованың, «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісіновтің және  «Қоғамдық келісім» РММ этносаралық қатынастар саласына талдау және мониторинг жасау қызметінің басшысы Нұрбек Шаяхметовтың дәріс-әңгімелерін тыңдады.

Өзінің сөзінде Наталья Калашникова қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі жаңа міндеттері мен бағыттары туралы айтып берді. 

Семинар лекторларының бірі, «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов өз дәрісінде баспасөз хатшыларының маңызды рөліне тоқтала отырып, баспасөз хабарламасын сауатты жасау, жұртшылық назарын аударатын хабар түсіру, қызықты материал жазу мәселелерінде бағыт-бағдар берді.

Сондай-ақ семинар барысында «Астана» радиосының директоры, ҚХА журналистер клубының директоры Гүлмира Қаракөзова және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, белгілі блогер Қанат Әуесбай шеберлік сабақтарын өткізді. Гүлмира Қаракөзова қатысушыларға мультимедиа жағдайында БАҚ-тың дамуындағы заманауи үдерістер туралы айтып берді.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, белгілі блогер Қанат Әуесбай өзінің интерактивтік шеберлік сабақтарында өз тәжірибесімен бөлісіп, блогерлік өнерінің сырын ашты. «Біз ХХІ ғасырдың – жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер мен ақпарат ғасыры екендігін білеміз. Бүгінде уақыт пен ақпарат бізден озып өмір сүруде. Ал әлеуметтік желілердің пайда болуымен бізде жаңалықтарды онлайн режимде жазып-көрсетудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды.  Біз ақпаратты беруде қазіргі заманғы тұтынушының барлық талаптарына сай келетін жаңа форматтарды пайдалана бастадық. Бұл  форматтардың біреуі – қазіргі кезде коньенььі ілгерілетудің тренді болып отырған блоггинг», - деді ол өзінің шеберлік сабағында.

Семинардың бірінші күнінің соңында еркін пікір алысу болып, қатысушылардың дәріс оқушыларға сұрақ қою және журналистиканың негізгі проблемалары мен міндеттерін талқылау мүмкіндігіне ие болды.  

Сондай-ақ, іс-шара соңында өңірлік КММ қызметкерлері үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырылды. 

Семинарды ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  «Қоғамдық келісім» РММ.

___________________________________

Пресс-служба РГУ «Қоғамдық келісім»:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.