Сауалнама: қазақстандықтардың 80% Елбасының Жолдауынан хабардар

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Еуразиялық интеграция институты Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қатысты ел тұрғындарының ой-пікірін білу мақсатында еліміздің ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында қайталама іріктеумен телефон арқылы жедел сауалнама жүргізді.

«Мемлекет басшысы Жолдауды жариялағалы аз уақыт өткеніне қарамастан, сауалнама барысында тұрғындардың құжатта айтылған негізгі идеялар туралы жоғары деңгейде хабардар екендіктері және оған қызығушылық танытып отырғандықтары анықталды. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (82%) оның мазмұнымен таныс. Сұралғандардың кемінде жартысы сауалнама жүргізілген кезде бұл құжаттың басты ережелерімен толық немесе жартылай танысып үлгерген», - делінген Еуразиялық интеграция институтының ақпаратында. 

Атап өтілгендей, қазақстандықтар Жолдау мазмұнын жоғары бағалаған.

«Жолдаумен танысқан респонденттердің басым бөлігінің пікірінше, онда халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша қажетті шаралар ескерілген (84,6%). Нақты осы шаралар халықтың түрлі топтарының арасында пікір тудырды. Атап айтқанда, сұралғандардың үштен бір бөлігінен астамы ең төменгі жалақы мөлшерін, сонымен қатар мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бойынша шараларды есте сақтап қалған әрі оларды қолдайды (34,5%). Әрбір бесінші адам (20,7%) денсаулық сақтау сапасы мен қолжетімділігін арттыру шараларын, тағы сонша адам - білім сапасын арттыруды қолдайды. Әрбір оныншы респондент тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын атап өтті. Әсіресе, бұл мәселе қала тұрғындары үшін өзекті. Жас ұрпақ жастар және отбасы институтын кешенді қолдау шараларын, сондай-ақ 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды оң бағалады», - делінген хабарламада.

Қазақстан халқы Жолдауда айтылған денсаулық сақтау және білім беру саласындағы, халықтың табыс деңгейінің және тұрғын үйдің қолжетімділігінің артуы, баға мен коммуналдық тарифтердің өсуін тежеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шараларды қолдап қана қоймай, олардың бірінші кезекте іске асырылуы қажеттігіне баса көңіл бөлуде.  

inform.kz

 

Дата события Ассамблеи: 
Сенбі, 13 Қазан , 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.