«Шығыс қырлары»

Версия для печати

13 мамырда осындай атаумен елордамыздағы «Аружан» сауда-ойын-сауық орталығында «Этнос күні» кезеңіне байланысты алғаш рет тамаша іс-шара өткізілді. Бұл игілікті шараны ұйымдастырушы-Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

«Этнос күні»-іс-шарасы кезеңі бұл жыл бойы өткізіледі. Осынау ғажайып мерекеде көрермендерге шығыстың, кавказ, еуропа мен славянь халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік беріледі әрі қонақжайлылық орын алып, керемет көңіл-күй салтанат құрады. Өткізіліп отырған осы іс-шара елордамызда тұрып жатқан этномәдени бірлестіктердің әрбірінің этностық ерекшелігі мен олардың мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған. Жалпы қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің барлығы бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға және оны сақтауға еңбектенеді. Сонықтан осы «Шығыс қырлары» мерекелік іс-шарасында корей, татар-башқұрт, ұйғыр, түрікмен, тәжік, түрік, өзбек, күрд, қарақалпақ, қырғыз және дұнған этномәдени орталықтарына өз шеберліктерін көпшілікке көрсетуге тамаша мүмкіндік туды.

Іс-шара халықтық-қолданбалы өнер шығарамашылығына арналған жәрмеңкеден бастау алып, елордамыздағы этномәдени бірлестіктердегі шеберлердің шебер қолынан шыққан бұйымдардың таныстырылымы болып өтті. Осының барысында қонақтар этномәдени бірлестіктер ісмерлерінің және авторлардың қазіргі бұйымдарымен, жалпы айтқанда олардың салт-дәстүрімен етене танысып, тамаша әсер алды. Қонақтар шығармашылық шеберлерінің халықтық кәсіпшілігінің тарихына етене қанық болып, бұйымдарды әсем дайындап шығарған шеберлермен емін-еркін әңгімелесті.

Іс-шара көз жауын алатын ұлттық киімдегі елордамыздағы этномәдени бірлестіктер шығармашылығының концерттік-ойын-сауық бағдарламасына ұласып, жарасымды кештің сәні одан әрі айшықтана түсті.

«Шығыс қырлары» кезеңі аясында ұрпақтардың ажырамас беріктігі салтанат құрып, ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен достықты нығайту жолында аянбай еңбек етіп жатырған елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің халықтық жоғары рухы тағы бір мәрте биіктен көрінді.

«Этнос күні» нышаны ретіндегі «Достық кілемі» елордамызда тұрып жатқан барлық халықтың бірлігі мен келісімін бейнеледі.

Кештің орталығына орналасқан  қазақтың киізі ою-өрнегі үстіндегі этномәдени бірлестік өкілдерінің 25 әшекейлері ортақ мақсаттағы бірлігімізді паш етті. Жыл соңында дайын «Достық кілемі» «Этнос күні» іс-шарасының қорытындысында қалың жұртшылыққа таныстырылады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.