Сталинград шайқасы – ерлік майданы

Версия для печати

200 күн мен түнге созылған және үш миллиондай адам өмірлерін қиған қасіретке толы Сталинград шайқасына биыл - 75 жыл.

Осыған орай, Атырау облысы «Былина» орыс әтномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 2 ақпаны күні Атырау мұнай және газ университетінің Әскери даңқ залында Сталинград шайқасындағы кеңес әскерлерінің ерлік көрсеткен батырлардың рухына тағзым етуге арналған еске алу  шарасы өтті.

Аталмыш іс-шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г. Шакирова, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, Атырау қалалық №17 орта мектептің оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында  «Сталинград – урок мужества» тақырыбындағы  бейне түсірілімнен  үзінді көрсетілді.

Өз сөзінде Г. Шакирова Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлмелерінде, көрме экспозициясында, Сталинград  шайқасына қатысқан жерлестерімздің ерлігі мен еңбек даңқы жайында баяндайтын  фото суреттері, жеке заттары сақтаулы тұрғандығы  жөнінде  айтты.

Сондай-ақ, іс-шара соңында студенттер тақырыпқа сай  дайындалған баяндамаларын жасап,  №17  орта мектептің оқушылары ерлік тақырыбына арналған өлең жолдарын оқып, іс-шараны жүрек тебірентер шумақтарымен шырайландыра түсті.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 6 Ақпан, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.