Стамбулда Князь Мирзоевтің «Күрдтер. Тарих және қазіргі заман» кітабы жарық көрді

Версия для печати

«Күрдтер. Тарих тоғысында» деп аталатын бірінші томда ғылыми тұрғыда тереңінен күрдтердің тарихи және тілтанымдық шығу тегі, жаңа замандағы күрд ұлтының саяси тарихы мен тағдыры қарастырылған. Сонымен қатар үлкен деректі материалда жақын және алыс шетел мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан күрд ұлт өкілдерінің тарихы мен тағдыры талданған.

«Күрдттердің мәдени мұрасы» деп аталған екінші томда ұлттың тілі, әдебиеті мен мәдениеті жете зерттелген. Күрд жазушылары мен ақындарының шығармашылығына, күрд әдебиетінің Еуразия құрлығындағы ұлттар әдебиеті мұрасымен байланыстылығына ерекше мән берілген.

Бұл салмақты кітаптың авторы шығыстанушы ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, күрд ұлтының танымал өкілі Князь Ибрагимұлы Мирзоев. 

Атаулы жұмысқа күрдтердің орасан зор тарихы мен мәдени мұрасы енгізілген, күрд ұлтымен байланысты өзекті мәселелер жете қарастырылған. Бұл алдағы уақытта оқырмандардың ауқымды аудиториясына көптеген жаңалықтар алып келетіні сөзсіз және күрд ұлтының тарихы, саясаты, мәдениеті, тұрмысы мен тіршілік кеңістігі, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты танымдық тұжырымдама жасауға көмек болады.    

Бұл әлемдік қауымдастықтағы күрд ұлтының тарихын, мәдениетін және қазіргі жағдайын айқындаудағы қосылып отырған салмақты үлес, күрд халқының проблемалысының маңыздылығы туралы ұғымын кеңейтеді.   

Кітап мазмұны мен стилі жағынан негізінде саясаткерлерге, халықаралық қатынастар жайындағы мамандарға, геосаясатқа, саясаттануға, тарихқа, әлеуметтануға, филолог-шығыстанушыларға, әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, тілтанушыларға, сондай-ақ Шығыстың көнеден келе жатқан халықтардың бірі – күрд ұлтының тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын оқырмандардың кеңейген оратасына арналған автордың үлкен энциклопедиялық еңбегі болып табылады.

 

Материал http://www.berbang-nur.kz сайтынан алынды.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

Ассамблеяның оқиға күні: 
Дүйсенбі, 23 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.