Талдықорғанда «Достық» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті

Версия для печати

Талдықорғанда «Нұр Отан»  партиясы Талдықорған қалалық филиалының «Достық» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Жиналысқа «Достық» бастауыш партия ұйымындағы үш топтық партия ұйымындарының барлық мүшелері қатысты.

Жиналысты Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай жүргізіп, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауын орындаудағы мақсат – міндеттер туралы түсіндірді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшесі, «Достық үй»-Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаевтың бастауыш партия ұйымының 2017-2018 жылдар арасында атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы  есебі тыңдалды.

Бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру тұжырымдамасы талқыланды. Жарыссөзге қатысқан С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшесі Т.Ботаева Жолдауды түсіндіруде кітапханада атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, өз пікірін білдірді.

Жұмыс барысында партия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы 9 адамнан Бюро мүшелері сайланып, бастауыш ұйымның төрағасына М.Тасыбаеваны, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кезекті XXVII есеп-беру сайлау конференциясына 3 делегат сайлады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.