Тоқайдың мәңгілік көктемі

Версия для печати

15 маусымда Астана қаласындағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында  «Дуслык» татарлардың білім беру мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Тоқайдың мәңгілік көктемі» атты татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқайдың 130-жылдығы құрметіне әдеби-сазды кеш өткізілді. Бұл кештің көпшілікке ой салғанын атап өткеніміз жөн.

Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы  Ресей ынтымақтастығының өкілдігі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  «Қайым Насыри институты ғылыми білім беру орталығы, «ProBooks» кітап клубы мен akbars.kz жаңалықтар порталының қолдауымен өткізілген бұл іс-шараға  этномәдени бірлестіктер өкілдерінің мүшелері, ғылыми және зиялы қауым өкілдері мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Қаламгерді еске алу кешінде кешті ұйымдастыруға қолдау білдіргендерге алғыс сөзін арнаған жоба үйлестірушісі әрі «Дуслык» татарлардың білім беру мәдени орталығының басшысы Яннат Низамутдинова былай деді: «Біздің жобамызға айрықша қолдау білдіргендерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Анығын айтқанда, Сіздердің қолдауларыңыз болмағанда, үш айға созылған әрі алғашқы рет өткізіліп отырған  «Тоқаевтың көктемі» атты бұл кеш бұлайша әсем де шынайы, бояуы қанық болып өтпес еді».

Ол осынау жылы лебізден кейін «Ғабдолла Тоқай» кітап көрмесі мен «Тоқаевтың 2016 жылғы көктемі» атты фотокөрменің тұсаукесер рәсімін өткізді. Ол бойынша қаламгердің өмір жолына арналған суреттер келушілер назарына ұсынылды және Қазақстан Республикасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Тоқаевтің көктемі» жобасы тарихи мұра ретінде мазмұны жағынан көпшілікке жылы әсер етті. Жалпы, осы іс-шара жобасы аясында татар тілінде Тоқай шеберлігіне арналған диктант жазу жоспарланған және мұның қатарына Тоқай киноапталығы енгізілген. Алматы, Мәскеу және Омск татарларының қатысуымен «Шурале» поэмасының желісі негізінде балалар спектаклі көрсетіліп, поэзия кеші мен «Мин татарча сөйләшәм» акциясы өткізілді. Татарлардың әдебиеті, қолданбалы өнері мен «Астана Тоқайды оқиды» атты бейнетүсірілім де көпшіліктің көңілінен шықты.

Осы кештің мазмұнды өтуіне жоба авторы, татар жастарының белсендісі ретінде танылған журналист Ринат Дусумовтің ерекше атсалысқанын атап өткен ләзім. Кеш барысында халықтық әуендер шырқалып, ақын Ғабдолла Тоқайдың тағдырынан сыр шертілді. Ол бойынша қадірменді ақынның өлеңдерін жастар қанаты бірлестігінің белсенділері  татар және орыс тілінде оқыды. Жарасымды кештің бір бөлігінде Тоқайдың Қазақстанда өмір сүрген кезеңдеріне айрықша тоқталып, оның 12 жылында Орал өңірінде ақын және журналист болғанын атап өтті.

Кеш барысында елдің ыстық ықыласына бөленген Ғ. Тоқайдың жиен шөбересі болып келетін София Забирова қаламгер өмірінің мазмұнды сәттерінен сыр шертті. «Мұндай ұлы адамның әрі тамаша қаламгердің өмір жасының қысқа болуы өзекті өртейді. Менің әжем, Ғабдолланың туған бауыры туыстарының аз екенін жиі айтушы еді. Сондықтан біз жауапкершілікті жете сезініп, ұлы ақынның атына кір келтірмеуге тырыстық»,-деді тебіріне сөйлеген София Забирова. Ол «Тоқайдың мәңгілік көктемін» ұйымдастырғандарға өз алғысын білдірді.

Салтанатты кешті қорытындылау сәтінде алғашқы Тоқай диктантының жеңімпазы Марьям Галлямоваға ұйымдастырушылар тарапынан диплом мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Сонымен бірге, бұл жобаның ойдағыдай орындалуына белсенді атсалысқандарға алғыс хаттар табыс етілді.

   

   

   

 

_____________________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім»

КММ Баспасөз қызметі:

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.