«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының қатысушыларымен кездесу.

Версия для печати

2016 жылғы 7 қараша күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы сапар бағдарламасына сәйкес, Курчатов қаласының «Дегелең» станциясына келіп жетті. Онда  «Свиточ» украин этномәдениет бірлестігінің өкілдері салтанатты түрде поездың делегаттарын гүл шоқтарымен, нан және тұзбен  қарсы алды.

Жұмыс жоспарына сәйкес, делегация  бірінші болып «Ядролық технологиялар паркіне»  барып,  онда «Бір шаңырақ астында 25 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынның модераторы болған Курчатов қаласының әкімі Н.Ж.Нұрғалиев қонақтарға қала тыныс-тіршілігі туралы баяндап, Достық үйінің директоры Ш.И.Төлеутаев Достық үйінің қызметі туралы айтып берді.

Бұдан кейін Достық үйіне барған «Тәуелсіз Қазақстан» поезының қатысушыларын директор этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстырды. Әрбір этномәдени бірлестіктің өкілдері қонақтарды жайылған дастарханмен қарсы алды. Осы жерде поездың қатысушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт көрсетілді.

Үшінші кезекте  ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мүшелерімен кездесуі өтіп, қатысушылар еркін пікір алмасты.   

Жылу шырайлы кездесулер соңында поезд штабының басшысы А.К.Әлпейісовтің Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктерге кітаптар сыйлауымен аяқталды. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.