Украин шығармашылығының 21-фестивалі

Версия для печати

Қостанайда 7 қазан күні украин шығармашылығының 21-ші облыстық фестивалі өтті, оған өңірлерден 100-ге жуық қатысушылар жиналды. 

Осы жолы вокал және би ансамбльдері өз өнерін Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында көрсетті. Бұл күні украин мәдениетін, билерін көруге,  жалынды әндерін тындауға келген қонақтарымыз көп болды.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мажит Шүленов:

- Украин халқы шығармашылығының фестивалі өзінің 20 жылдық тарихымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мақтанышына айналды. Әрине, бұл 1997 жылы орталықтың негізін қалап, осы фестивальді өткізу туралы бастамашылық жасаған Андрей Михайлович Кирилюктің  еңбегі. 2008 жылы оның ісін «Қостанай баспа үйі» ОАҚ президенті, Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша Украинның құрметті елшісі   Тарасенко Анатолий Владимирович жалғастырды. Осы жылдар бойы онымен бірге қауымның үлкен мәдени жұмыстарын украин этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Гормония» ардагерлер хорының және «Лира» вокал ұжымдарының жетекшісі  Фролова Любовь Ивановна алып келе жатыр. Жақын арада осы екі тамаша кісі өздерінің 75 жасын атап өтті, оларға мықты денсаулық, күш-қуат пен амандық тілейміз, - деп мерейтой иелерін құттықтады.

Анатолий Тарасенко өз алғысын білдіре келе, қауымды басқару жолын Қостанайдың атақты шахмат ойыншысы Питер Костенкоға тапсырғанын және оның басшылығымен этномәдени бірлестік одан әрі дамып, жұмыс істейтінін хабарлады.

Рудный қаласының «Мрія» украин халық әндерінің хоры концерттік бағдарламаны украин асханасының басты символы туралы жалынды әнімен жалғастырды. Әншілер тек ән айтып қоймай, көрермендерге дәмді тағамдар таратты. Фестивальге қатысушылар көптеген әндерді баянда, акапеллада жанды дауыспен орындады және де олар украин халқы әуендерінің бүкіл әсемдігін, түр мен түсін және сұлулығын әнмен жеткізе білді.

Сергей Лысоченко басқаратын Қарабалық кенті аспаптық ансамблінің орындауындағы «Ұмытылған әуендер» туындысы көрермендердің көңіл-күйін көтерді. Әртістер ресейлік және украиналық танымал әуендерден түпнұсқалық оранжировкада  попурри орындады. Меңдіқаралық әкелі-балалы Тобыл Болатов пен Азат Тобылұлы украин тіліндегі тамаша орындаған әуендерімен  көрермендерімізді таңқалдырды.

Екі сағаттқа соғылған фестивальдің соңы, ашық аспан астындағы от шашумен және Украина туралы  патриоттық әнмен аяқталды. Мерекеге  жиналған қонақтар бірден тарай кетпей, әртістерімізге қошемет білдіріп, орындарынан тұрып ұзақ қол соғып тұрды. Көрермендеріміз залдан шықпай жатып-ақ, биылғы фестиваль өте  жоғары деңгейде өткізілгенін және де концертке дейін бір  сағат бұрын филормонияның фойесінде  өткізілген  сурет көрмесіне де таңдана қарағандарын атап өтті.

Қатысушыларымызға ұжым атынан естелікке дипломдар мен әдемі мүсіндер табыс етілді.

- Бұл Украина фестивалі ғана емес, «Бұл достық пен келісім фестивалі », - деп  өз кезегінде украин  қауымы төрағасының орынбасары Любовь Фролова атап өтті.- Бір қуанарлығы, украиндар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі этникалық топ өкілдері украинаның  әуендерін таза  жеткізіп  айтатынына қуаныштымын. Дәл осындай фестивальдер біздерді одан да әрі біріктіріп, бәрімізді бауырластыққа бөлейді!

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.