«Үлкен ел - үлкен отбасы» қайырымдылық акциясы

Версия для печати

2015 жылғы 17 шілдеде сағат 14.30-да Әл-Ғани мешітінде («Шұбар» мешіті) Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Ораза айт мерекесіне орай «Үлкен ел  -үлкен отбасы» қайырымдылық акциясын өткізеді.

Қайырымдылық акциясын өткізудегі басты мақсат - азаматтық қоғамның тұтастығын қалыптастыру арқылы қазақстандық біртектілікті нығайту.

Сонымен бірге, акция тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы отбасыларын қолдауға, толеранттылық пен мейірімділікті тәрбиелеуге, ұлттық мәдениеттерді дамытуға бағытталған. 

Акция шеңберінде мешітке келушілерге және аз қамтамасыз етілген отбасыларға арнап дәстүрлі өзбек рецептімен ұлттық тағам - палау әзірленеді.

Мешіттің мекенжайы: Астана қаласы, Арай көшесі-33/1

Акцияға қатысушылар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер басшылары мен БАҚ өкілдері.

Қатысушылардың жалпы саны 250 адам болады.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.