ҰЛТ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУ

Версия для печати

2015 жылғы 27 тамызда Конституциямыздың 20 жылдық мерекесіне орай, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерімен «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асырудағы жастардың ролі» тақырыбына кездесу ұйымдастырылды. Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Қ.И.Секербаев кездесудің модераторы болды.

Кездесуге астаналық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, жастар қанатының жетекшілері, Астана қ. ҚХА хатшылығының қызметкерлері, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері қатысып, азаматтық сәйкестілікті нығайтудағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағдарламасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы ролін, бұл үдеріске жастардың қатысуының маңыздылығын талқылады.

Департамент өкілдері «Қазіргі заманғы, кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға» қатысты бірінші институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан жобаларға баса назар аударып, «Аталған реформаны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын негізгі таратушылар болып табылатындықтан, халық игілігіне қызмет атқаратын, барынша кәсіби мемлекеттік қызмет жүйесін жасаудың басымды бағыт екеніне»; «Біздің негізгі міндетіміз - азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылдары тиімді әрі қолданыстағы заңнамалар шеңберінде болатындай етіп басқаратын кәсіби аппарат жасау» қажеттігіне назар аударды.

Астана қалалық ҚХА хатшылығының бас маманы Г.Тайгокова жастар өкілдерін Ұлт жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды. «Сіздер біздің болашағымызсыздар, сондықтан тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі сіздердің қолдарыңызда болғандықтан, қазірден бастап бәсекелестікке қабілетті болуға дайын болуларыңыз қажет. Ол үшін тек сөзбен емес іспен көріну керек»,- деп жастарға бағыт берді.

Кездесу барысында жастар мемлекеттік қызметке орналасу мәселелеріне көп қызығушылық танытып, өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарын қойып, департамент қызметкерлері оларға егжей-тегжейлі жауап берді.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.