Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Версия для печати

Биылғы жылдың бастауы өзіндік маңызымен ерекшеленіп, ол республикамыздың барлық аймағында үлкен салмақты істердің орындалуына негіз қалады. Бұл тұрғыда еліміздің бас қаласы-Астананың орны бөлек екені айдан анық. Сондай шаралардың бастаңғысына айналған «ҚХА 20 жылдығына-20 игі іс» жер-жерде атап өтіліп, мызғымас бірлігімізді тағы бір мәрте паш етті. Елордамыздағы татар-башқұрт мәдени орталығы «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалымен бірлесіп, 2015 жылдың 6 мамырында «ҚХА 20 жылдығы» акциясы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған  салтанатты мерекелік кештің өткізілуіне бастамашы болды.

Бұл мерекелік кеш «Агидель» мейрамханасында өткізіліп, майдангерлер мен тыл ардагерлеріне арнайы дастархан жайылды. Кеш барысында соғыс жылдарында колхоз, совхоздарда, зауыттар мен фабрикаларда және  тылда еңбек еткендердің Ұлы Жеңісті жақындатуға айрықша үлес қосқаны айтылды.

Кештің қадірменді қонақтарын құттықтауға келген Парламент Мәжілісінің депутаты З.А. Саяпова, Астана қалалық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.С. Кусаинова, Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі,  Ресей Федерациясы Елшілігіндегі гуманитарлық топтың жетекшісі Е.В. Лысенко, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі жетекшісінің көмекшісі С.К. Журавлев, Татарстан Республикасы Өкілетті өкілінің орынбасары О.К. Ульданова, «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалының төрағасы Н.В. Шепелюк пен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы С.С. Героев жүрекжарды лебіздерін білдіріп, олардың ерен ерлігін ешқашан ұмытпайтындарын жеткізді.

Осы кеште концерттік бағдарламаның көрігін қыздырған татар-башқұрт мәдени орталығының өнеріне жиналғандар тәнті болды. Өнерпаздар  көпшілік білетін соғыс кезінде қазақ, орыс және татар тілдерінде шырқалған әнді де нәшіне келтіріп орындады. Орыстың халық әні «Малиновка» да шырқалды. 

Майдангерлер ән айтылып жатқан сәтте орындарынан тұрып, биледі. Осылайша бейбіт өмірді бізге сыйлаған жандардың кеші өте қызықты өтті.

Салтанатты кеште Ұлы Жеңіс иелеріне сыйлықтар табыс етілді.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
тел: +7707-310-53-54
WhatsApp-8-777-310-53-56
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.