«Вдохновение» вокал студиясының есептік концерті

Версия для печати

Осы демалыста «Возрождение» неміс қоғамы» ҚБ жанында құрылған «Вдохновение» вокал студиясы жыл сайынғы есептік концертін берді. Халықаралық отбасы күніне орайластырылған бұл іс-шара алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр.

«Вдохновение» вокал студиясының көркемдік жетекшісі Дильяра Халыққызының айтуынша, студияға келушілер әрбір жарты жыл сайын есептік концерт береді. Бүгінгі таңда студияда (төрт пен қырық жас аралығындағы) 22 тәлімгер оқиды. Бұндай концерт студия қызметіне мониторинг жүргізудің ерекше әдісі іспетті. Вокалдық студияның репертуары қазақ, неміс, орыс және ағылшын тілдеріндегі әндерден тұрады.

«Бүгінгі концерт Халықаралық отбасы күніне және Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып отыр. Сол себепті отбасы, ана және әжеге деген махаббат туралы әндер осы залда көбірек шырқалатын болады. Сондай-ақ бүгін біз вокалдық отбасымыздың барлық мүшелерінің таланттарын көпшілікке көрсетуді мақсат тұтып отырмыз», - дейді фортепиано сыныбының ұстазы, «Возрождение» неміс қоғамының мүшесі Ольга Ермоленко.

Концерт шымылдырығын ең жас вокалшылар ашты. Олар ән айтқан кезде, экраннан құммен салынған суреттер көрсетілді. Бұл балақайлар керемет әнші ғана емес, шеттерінен дарынды, бірі ән шығарса, бірі би билейді.  Мысалы, Ольга Вячеславовнаның шәкірті Анастасия алғаш рет өзі шығарған «Көбелек» атты пьесаны орындады. Бұдан кейін орта және жоғары топтардың үздік вокалшылары өнер көрсетті. Олардың әсем дауыстары мен тамаша орындаулары көрерменді таңғалдырды.

Концерт соңында кештің құрметті қонақтары, көптеген халықаралық байқаулардың дипломанттары Ермоленко Константин мен Овсянникова Юлия вокалдық студияның тәлімгерлеріне бастапқы және орташа курсты аяқтағы туралы сертификаттарды табыс етті.

   

   

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

www.astanakelisim.kz

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.