ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Версия для печати

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні облыстық прокуратурада Елбасының тапсырмаларын орындау аясында және халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы және облыстық прокуратура арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шара құқықтық мәселелерді шоғырландыру жөнінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айтылған мәселелерді орындау мақсатында, ағымдағы жылы 28 желтоқсан күні Қарағанды қаласындағы құқық қорғау қызметі орталығының ашылуы қарсаңында өткізіліп отыр. Бұрын азаматтар қажетті кеңестерді алу үшін мемлекеттік органдарда ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болса, ал енді аталған орталықтың ашылуы күн тәртібіндегі өзекті мәселенің оң шешімін табуына мүмкіндік туғызады.

«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайтын орталықта, ІІД, экономикалық қылмыстар қызметі, пробация қызметі, сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлері азаматтарға қабылдауды жүргізеді. Сонымен қатар, бұл жерде адвокаттардың, медиаторлардың, прокурорлардың кеңестерін алуға болады. Барлық кеңестер тегін жүргізіледі.

Жиынға облыс прокуроры М.И.Сексембаев, Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Е.Б.Құсайын, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары және медиаторлар қатысты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.