Джайлханова Аманкүл Әбдіғалиқызы Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Версия для печати

Латын әліпбиіне көшу мәселесі осыдан жиырма жыл бұрын басталған. Соңғы он жылдықта бұл мәселе қоғам арасында өте белсенді талқылана бастады. Елбасымыз қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Латын әліпбиіне көшудің қазақ тілінің жаңаруы мен дамуына ықпалы орасан зор болмақ. Өркениетті елдердің қатарына ену жолындағы бұл бағыт - жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашпақ.

Сондай-ақ, бұл бастама қазақтың рухани жаңғыруға деген сенімін артырып, санамызды жаңғыртып, болашақ ұрпағымыздың ғаламдық ғылым-білімді игеруіне жол ашып, рухани жаңғырудың берік іргетасы болатынына сенімін мол.