Орынбек Айтпенбетов: Елбасының мақаласы Ұлы даланы мекендейтін тамырлас түркі жұрттардың ортақ игілігіне айналары сөзсіз

Версия для печати

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бүкіл елімізде қызу талқылануда.

Осы орайда Ұлы түркі бабаларымыздың артта қалған ұрпақтары – біз, өзіміздің тіліміз бен дәстүрімізді, жерімізді сақтап, бай тарихымызбен мақтануымыз керек.

Өкінішке орай, көнеден қалған салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жойылып барады, оны дәріптеп, насихаттап, келер ұрпаққа аманаттау біз үшін басты парыз болмақ. «Руxани жаңғырудың» жалғасы іспетті болған осынау тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге, оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген.

Біздің терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз. Біз кім екендігімізді танып, оны ары қарай зерттеуіміз керек. Енді баршамыз жұмылып, алдымызда тұрған көптеген тариxи жобаларды жүзеге асыруға тиіспіз.

                                                                           Айтпенбетов  Орынбек,

                  Приозерск қаласы

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы