Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын өткізу ережесі

Версия для печати

1.     Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге  арналған осы ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.  

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы  - Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

2) Конкурсты ұйымдастырушы  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері: 

1)  бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу; 

2) ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық  үлгілерін ілгерілету; 

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;  

5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2.  Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.            

4.2. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді; 

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.3. Өңірлік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық, Астана, Алматы  және Шымкент қалаларының хатшылықтары - Құрылтайшы, облыстардың,  Астана, Алматы  және Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырушы болады.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2019 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін БАҚ-та,  оның  ішінде,  этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле- радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал; 

- Ассамблея мен оның құрылымдарының қызметін ашып көрсететін үздік материал (Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» РМД);

- "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының тарихи сананы қалыптастыру мәнмәтініндегі негізгі бағыттарына арналған үздік материал;

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарына арналған үздік материал;

мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материал;

- медиацияны дамыту тақырыбына арналған  үздік материал;

- Қайырымдылықты дамыту тақырыбына арналған  үздік материал;

- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын ілгерілетуге арналған үздік материал;

«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының негізгі бағыттарын ашатын үздік материал;

- Жастар жылына арналған әлеуметтік желілерде #JASTARJYLYDANGYLJOL хэштегімен жарияланған «Жастар жылы – даңғыл жол»  арнайы жүлдесі.

5.3. Конкурстың  бірінші кезеңіне қатысқысы келгендер:

-  конкурсқа қатысу үшін қатысушылар тікелей Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім»  РММ-іне 2019 жылғы  1 наурыздан бастап  20 қыркүйекке  дейін; не 2019 жылғы  1 наурыздан бастап  20 тамызға  дейін облыстық,  Астана,  Алматы, Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-іне конкурстық жұмыстарды өтінім бере алады.

5.4. 2019 жылдың 20 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-лері журналистика саласындағы «Шаңырақ» конкурсының өңірлік қорытындысын шығарады.

5.5. Өңірлік конкурс жеңімпаздары бойынша  ұсынымды конкурсты ұйымдастырушыға - ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім»  РММ-ге 2019 жылғы 1-20 қыркүйек аралығында жібереді.

5.6. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ дайындаған ұсынымға сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың жұмыстары, үміткердің жеке мәліметтері мен олар қатысуға ниетті номинациялар көрсетілген анкета қоса беріледі.

5.7. Жұмыстарды түпнұсқада немесе DVD, CD форматында аудио, бейнежазбалық бағдарламалар, сюжеттер, pdf форматындағы басылымдардың беттері, электрондық БАҚ-тарда орналастырылған материалдардың сілтемелері мен скриншоттарымен қоса  жіберу қажет.

5.8. Жұмыстар бар өтінімдер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  «Қоғамдық келісім» РММ-іне мына мекенжайға жіберілуге тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 10,  Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 681-кабинет.

5.9. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында  2019 жылдың қазан айында өтеді.

6. Конкурстық іріктеудің критерийлері:

- материалдың конкурс тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

- мәлімделген номинациядағы тақырыптың  толық ашылуы;

-  автордың шығармашылық көзқарасы, материал беру ерекшелігі;

- материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен шынайылығы;

автор көтерген мәселелердің қоғамдық маңызы.

7. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

7.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру оған конкурсқа қатысушы автордың осы Ережеде көзделген  талаптармен және шарттармен келіскенін білдіреді.

7.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімде:

- осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  анкета;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттар болуы тиіс.

Бір номинация бойынша бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем болмауға және 5-еуден артық болмауға тиіс.

7.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

7.4. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімді конкурсты Ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, тіркейді. Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар (баспасөз хабарламалары және т.б.) конкурсқа қабылданбайды.

7.5. Конкурс ұйымдастырушысына  жария етілген өтінімдерді қабылдау күні өтіп кеткеннен кейін ұсынылған өтінімдер және конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

7.6. Конкурсқа жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 13, + 7 7172 74 12 15

E-mail: info_rgy@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.