«Мейірімділікпен бірлікке!» «Сарқыт» қайырымдылық акциясы

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА МҮШЕЛЕРІ ҚАН ОБЫРЫН ЖЕҢГЕН СЕГІЗ ЖАСАР ЖАНЕЛЬ БЕЙСЕНОВАНЫҢ ОТБАСЫНДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

Көкшетау қаласында «Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы шеңберінде «Сарқыт» айлығы бастау алды.

«Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында 2019 жылғы қаңтар айының алғашқы күндері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Аналар кеңесі, «Қоғамдық келісім» КММ-сі Бейсеновтар отбасына барып, осыдан бірнеше жыл бұрын күрделі операциядан өткен кішкентай Жанелдің қал-жағдайын сұрап, тәтті сарқыт салынған жаңажылдық қапшықтарды табыс етті.  

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТІП ЖҮРГЕН САРБАЗДАР АУЫЛДЫҢ САРҚЫТЫНАН ДӘМ ТАТТЫ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері №6505 әскери бөлімшесінде ел тыныштығын абыроймен қорғап жүрген сарбаздармен жолығып, тұрмыс-жағдайларымен танысып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты.

Сонымен қатар, қоғам белсенділері сарбаздарға әжелердің қолынан арнайы дайындалған бауырсақ, құрт, ірімшік, жент-талқан сынды ұлттық тағамдар салынған сарқыт қоржындарын табыстады.

ПАВЛОДАРДАҒЫ АНАЛАР ҮЙІНДЕ «ТҰСАУ КЕСУ» РӘСІМІ ӨТТІ

«Қайырымдылық керуені» іс-шарасы аясында облыстық ҚХА мүшелері, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі және «Жаңғыру жолы» белсенділері Павлодар қаласындағы Аналар үйінде болып, сәбилер арасында «тұсау кесу» рәсімін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Жаңалықтың толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНІҢ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНДЕРІНЕ ТЕГІН КІРУГЕ МҮМКІНДІК ЖАСАЛДЫ

Қостанайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің бастамасымен «Қайырымды істер күні» жобасы іске асырылуда.

Қайырымдылық таныту акциялары қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі оқушылар демалысы кезінде өткізіледі. Жоба аясында тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын Қостанай қаласындағы ойын-сауық кешендеріне тегін апаруға мүмкіндік қарастырылған.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері бірлесіп Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлерін жаңажылдық мерекелерімен құттықтады

АТЫРАУДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ РОЖДЕСТВОҒА АРНАП ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯЛАР МЕН ТАҢЕРТЕҢГІЛІКТЕР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

Атырауда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Рождество» мерекесіне орай Қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті. Атырау облысының орыс,славян, казак қауымдастығының Атырау облыстық филиалы және «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары өз өнерлерін көрсетіп, қарттарға қуаныш сыйлады.

Одан әрі Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығының қолдауымен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара жалғасын тапты.

АҚТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІНДЕ УКРАИН МӘДЕНИЕТІ МЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМЕН ЕТЕНЕ ЖАҚЫН ТАНЫСТЫ

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен украиндердің облыстық «Оксана» ұлттық-мәдени орталығы жаңажылдық «Встретим рождество вместемерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.

Ол арқылы этноорталық көремендерді украин халқының бай мәдениетімен және  салт-дәстүрімен таныстыруды мақсат етті.

ӨСКЕМЕНДЕ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Өскемен қаласындағы Достық үйінде православ шіркеуінің мерекесін тойлау шеңберінде концерт ұйымдастырылып өткізілді.

Рождество - ұлы мереке, барлық христиандар үшін салтанатты күн. Рождествоның басты символы, әрине, шырша. Ол православие дәстүрінде ерекше орын алады.

Жаңалықтың толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ АЙМАҚТАРДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қайырымдылықхалқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мұқтажға көмек қолын созып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну – әрбір адамның азаматтық парызы.

Олай болса, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық шарасы аясында Қарағанды облысы ассамблея өкілдері, оның ішінде Аналар кеңесі мен қоғамдық ұйымдар, қорлар, этномәдени бірлестік мүшелері "Сарқыт" акциясын өткізді.

ҚХА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ЖЫЛ БОЙЫ ӨТЕТІН БОЛАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралары бастау алып, өңірлерде жалғасын табуда.

Беттер