Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясының күн тәртібі

Нұр-Сұлтан қаласы № 2021 жылғы 28 сәуір

Н.Ә. Назарбаев төрағалық етті

Қатысқандар: (тізім бойынша)

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясының күн тәртібі:

«Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы»

(Назарбаев, Тоқаев, Көшербаев, Әзілханов, Санай, Қайрыев, Гловацкая, Мұстафаев, Әуезова, Сүлейменов, Больгерт, Выблов, Альмадиев, Ахметов)

1. Мына :

1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Қазақстан Республикасының Президентіне беру туралы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына «Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы» мәртебесін бекіту туралы ұсыныстары келісілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына тиісті өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын енгізсін.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы:

1) Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің жаңартылған құрамын бекітуге енгізсін;

2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерімен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп қазақстандық патриотизм, азаматтық теңқұқықтық қағидаттарын, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін, алуан түрліліктегі бірлікті ілгерілету, ұлтты тұрақты жаңғырту жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен бірлесіп интеркультурализм қағидаттарын, оларды кейіннен іске асыра отырып, ілгерілету жөніндегі тәсілдерді тұжырымдасын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірлесіп кез келген сыртқы жанжал әлеуетін Қазақстан Республикасының аумағына көшіріп, оның азаматтарына әсер етудің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Бас прокуратурамен бірлесіп елдің заңдары мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес тұрақсыздандыруға және тәртіпті бұзуға шақыратын адамдарды қатаң жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанмен рухани және мәдени байланысты қолдау және дамыту үшін «халықтық дипломатияны» ілгерілету және шетелдегі бұрынғы Қазақстан Республикасының азаматтарымен, олардың бірлестіктерімен және ұйымдарымен өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде ұсыныстар енгізсін.

8. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп:

1) Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін сын-қатерлердің алдын алу және оларға қарсы тұрудың тиімді институты ретіндегі тиімділігін;

2) кең ауқымды этносаралық коммуникациялар алаңы ретінде аналар кеңестері мен Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс істеуін;

3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық іс-шараларын жоғары азаматтық патриотизмнің үлгісі ретінде одан әрі ілгерілетуді қамтамасыз етсін.

9. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері этносаралық қарым-қатынас, қайырымдылық, волонтерлік және мемлекеттік тілді үйрену орталықтары ретінде достық үйлерінің жұмысын күшейтсін, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдасын.

10. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев


Возврат к списку