Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы

«Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы 2004 жылы 30 қазанда Алматы қаласында құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 14 қаласында армян мәдени орталықтары жұмыс істейді. Қауымдастық 2005 жылғы 28 ақпанда мемлекеттік тіркеуден өтті.

Біздің республикадағы армяндардың алғашқы қоғамдық бірлестігі 1991 жылы Алматыда пайда болды.


Ресурстық база: 2006 жылы қазан айында Алматыда А. Карапетян өз есебінен Қазақстандағы алғашқы әулие Карапет шіркеуін салды. Қауымдастық «Менің өмірім», «Левон Мирзоян», «Қазақстан армяндарының тарихы» кітаптарын шығарды. Мәдени орталықтарда жексенбілік мектептер, би және музыка үйірмелері бар.

Басшысы: Карапетян Артуш Месропович

Жобалар мен іс-шаралар: Этномәдени бірлестік аймақтық және облыстық мәдени фестивальдер ұйымдастырады, армян дәстүрлерін сақтау және нығайту бойынша іс-шаралар мен дөңгелек үстелдер өткізеді. Вардавар, Терендес, Пасха, Сұлулық пен Ана күні сияқты ұлттық мерекелер жыл сайын өткізіліп тұрады. Армяндар Армения геноцидінің құрбандарын еске алу күнін атап өтеді (24 сәуір).

Байланыс мәліметтері

050000, Алматы, Ақан сері к-сі,15 үй

Телефондар: + 7 (7273) 81 50 01, +7 701 111 14 62

Возврат к списку