Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Барбанг» күрдтер қауымдастығы

Алғашқы күрд мәдени орталығы Алматыда 1989 жылы құрылған. 1993 жылдың наурызынан бастап «Якбун» күрдтер қауымдастығы тіркеліп, аймақтық қоғамдық бірлестік мәртебесінде жұмыс істей бастады. 1999 жылы ол «Барбанг» деп аталды. 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап, қайта тіркеуден кейін қауымдастық 10 филиалы бар «Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы«Барбанг» республикалық қоғамдық бірлестігінің заңды атауын алды.


Ресурстық база: Бірлестік филиалдарында, Алматы қаласында және күрдтер жинақы тұратын республиканың жекелеген аудандарында күрд тілін үйренуге арналған жексенбілік мектептер ұйымдастырылған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен әдеби, ғылыми және қоғамдық ағарту журналы NÛBAR (Тұңғыш) және ай сайынғы «Жийана курд» (Күрдтер өмірі) газеті шығады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Zimanê kurdi» оқулығы және күрд тілінің оқытушыларына арналған оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.

«Қазақстан - біздің Отанымыз», «Біздің күш - бірлікте», «Қазақстан Ұлы Дала Елі» фольклорлық-этнографиялық фестивальдеріне күрд көркемөнерпаздар ұжымдары дәстүрлі қатысып келеді.

Жетекшісі: Мирзоев Ханзада Ибрагимұлы

Басты жобалар: Қауымдастық Ұлттық мемлекеттік мұражайда күр халқына арналған экспозицияны жаңғыртты. Орталық өзінің тарихи отанымен, ТМД-ның және алыс шетелдің ұлттық-мәдени орталықтарымен тұрақты мәдени байланыс орнатып келеді.

Байланыс мәліметтері

050010, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40, Достық үйі

Телефондары: +7 (7272) 67 07 49; факс: +7 (7272) 91 37 06

веб-сайт: www.berbang-nur.kz; электронды пошта: berbang@mail.ru, dr.knyaz@mail.ru

Возврат к списку